Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті. Министр мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, өзекті сұрақтарға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап. «Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары халықпен кездесуді өңірлерде өткізіп жатыр. Бұл – мемлекет пен қоғамның өзара сенімі мен құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті …