Артур Дәулетияров “Taboo” бағдарламасында Райым мен Еркенің махаббат хикаясы қай уақыттан бері жалғасып келе жатқанын жасырмай айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бағдарлама жүргізушісінің: “Райым мен Еркенің қарым-қатынасы қашан басталды?” деген сауалына әнші: “2018 жылдың соңында танысты. Біз Павлодар қаласында өткен концертке бірге бардық, бір автобуста отырдық. Ерке желіге жариялаған сурет сол автобуста түсірілген. Олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады деп күтпедім. Өмір ғой