Ұсталған экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының отбасының мүлкіне қатысты кейбір мәліметтер белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұловтың айтуынша, 2019 жылдың наурыз айында «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК)» АҚ арқылы 1,3 млрд теңгеге ірі елордалық «Шапағат» базарын ЖШС сатып алған, деп хабарлайды Orda.kz. «Көркем-2005» құрылтайшыларының бірі экс-министр Айжан Мұхамедидің қызы.