Маңғыстау облысында ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы арзан бағада аламыз деп, алданып қалған тұрғындар шу шығарды. Олар миллиондаған ақшаларын Нұргүл есімді әйелге санап берген, алайда тапсырыстарын 1,5 жылдан бері ала алмағандарын айтады. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. Маңғыстаулық келіншек Қытай зауыттарынан тауарды арзанға алып беремін деп халықтан тапсырыс алған. Алайда тауар да келмепті, ақшаларын да қайтармаған. Тұрғындар