Төтенше жағдай қызметкерлері Алматы тұрғындары мен қонақтарын тауға шықпауға шақырады. Бірнеше сағат бойы толассыз жауған қардың салдарынан жоғары қар көшкіні болуы ықтимал. Ал енді жылымық басталған соң қар жамылғысыз өте тұрақсыз. Қауіпсіздік үшін Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын жолдар жабылып, бекеттер қойылды.