Психотерапевт Жібек Жолдасова соңғы кездері түрлі той-жиындарда үлкен кісілер дастарханға отырған сәттен үстелдегі тағамдарды пакетіне сала бастайтынын жиі байқайтынын жазған. Айтуынша, апа-әжелер тағамдарды жоғары жылдамдықпен пакетіне салып алатыны сонша, кейде басқалары дәмнен ауыз тиіп те үлгермейді. Осылайша қазіргі апалар жап-жақсы «сарқыт алу» дәстүрін түккөрмегендікке айналдырған. «Жап-жақсы дәстүрлерді шектен шығарып, ақымақтыққа айналдыратын жағдайларды қалай атауға болатынын