Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде жүрген жерінен белдігіне асылып өлген сарбаздың анасы шындықтың ашылуын қалап, үндеу жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы марқұмның анасы үндеуін Facebook әлеуметтік желісі арқылы жариялады. Анасы баласының өз-өзіне қол салды дегенге сенбейді. Айтуынша, ұлын өлімге бәзбіреулер итермелеген. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзін қабылдауын сұрап отыр және істің жан-жақты тексерілуін …