Жамбыл облысында әскерге кеткен сарбаз сегіз айдан кейін ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Жақындарының айтуынша, соққының салдарынан ұлдарының қабырғасы сынып, бауыры ісіп кеткен, делінеді Информбюро 31 телеарнасының сюжетінде. Ең сорақысы, бұл істі жылы жапқысы келген әскерилер туыстарына тіс жармастан сарбазды ауруханадан алып шығып емшілерге апарған екен. Шырылдаған ана шала жансар күйде жатқан ұлының жағдайын ойлап күндіз