Қазақстанда әскери борышын өтегендер ҰБТ-сыз университетте тегін оқиды. Оларға 3 мың грант бөлінді. Бұл туралы қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмадиев мәлімдеді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 44 жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге 3 мың грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни бір жыл әскери борышын өтегендер осы жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады.