Аслан Мусиннің отбасы Вена қаласынан қымбат жылжымайтын мүлік сатып алған. Пәтер қаланың орталық әрі беделді аудандарының бірі – Нойбау аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 413 шаршы метрді құрайтын бұл баспана шамамен 4,5 миллион еуроға бағаланған. 2024 жылғы деректерге сәйкес, бұл қаржы Нойбау ауданындағы ең қымбат мәмілелердің бірі саналады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңалықтар