Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мемлекет басшысы әуелі Түркия президентін әуежайдан күтіп алды. Содан кейін «Ақорда» резиденциясында Режеп Тайып Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Түркияның әнұраны орындалды. Бұған дейін Астанада осы аптада өтіп жатқан халықаралық шаралар