Елорданың әуе айлағы Халықаралық әйелдер күніне орай барлық жолаушыларды гүл шоқтарымен қарсы алып, шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әуежайда 2200 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 860-қа жуық әйел бар.