Жас ата-ана жаңа туған нәрестеге Арай деп ат қойған. 5 желтоқсанда «Астана – Жезқазған» бағытындағы №66 жолаушылар пойызында қыз бала өмірге келді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі. Жұбайымен бірге Қарағандыдан Жезқазғанға бара жатқан жүкті әйелдің толғағы басталған. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Пойыз бригадасы жүргізушіге хабарлап, жақын