Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) қазақстандық Astana Kazakhstan Development Team велокомандасының мүшесі, 18 жастағы ресейлік спортшы Савелий Лаптевті жарыстардан шеттетті. UCI ережелеріне сәйкес, ресейлік және белоруссиялық спортшылар жарыстарға нейтралды тудың өкілі ретінде қатыса алады, бірақ Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қолдайтыны анықталса, жарыстардан шеттетіледі. Әлгі Лаптевтің әлеуметтік желіде соғысты қолдайтын посттарға лайк басып жүргені анықталды. Спортшының әкесі