18 қаңтарда Астана маңында мерзімді қызметтегі сарбаз жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде парашютпен секіріп, қаза тапты. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Іске қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Марқұм әскери 2022 жылдың көктемінде Қарағандыдан шақырылған. Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына көмек беру бойынша барлық қажет шараны қабылдайды, дейді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.