Астана мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Полицияға қала тұрғыны мешітте намаз оқу кезінде ұялы телефоны ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген. Ер адам өзінің ұялы телефонын алыс бөлмеге қуат көзіне қойып, қайтып келгенде оны таппай қалған. Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер күдіктіні анықтады, ол көпшілік намаз оқып жатқан кезде телефонды алып,