25 тамыз күні Ақмола құтқарушыларына 2001 және 2003 жылдары туған екі ер адам балық аулауға барып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. ТЖМ мәліметінше, балықшыларды іздеуге құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция жұмылдырылған.