Елордалық Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арызданған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқытқан және интим жазбаларын таратамыз деп одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Бұл ретте күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған. Астана