Астанада ірі мөлшерде қаржы жымқырған кәсіпкер 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады, деп жазады Tizgin.kz. Сотталушы 2016 жылдан бастап бірнеше компания ашып, заңсыз сауда жүргізіп келген. Оның компаниясы металлургиялық өндіріс қалдықтарын өңдейтін учаскені жалға алған. Келісімшарт бойынша кәсіпкер өңдеуден алынған түйіршіктелген домна шлагы мен …