8 желтоқсанда сағат 10:53-те 102 арнасына Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Полицияның хабарлауынша, 25-қабаттан құлаған азамат астананың 19 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.