Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген. Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған. Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған, деп жазылған Астана қаласы прокуратурасы таратқан ақпаратта. Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану