Астана қаласында ел тарихында алғаш рет онкологиялық ауруларды дестигматизациялауға қатысты арт-көрме өтеді. 17 ақпан мен 5 наурыз аралығында Астана қаласында онкологиялық ауруларды еңсеру тарихы туралы алғашқы Қазақстандық көркемсурет көрмесі өтеді. Жобаны «Seniminmen» қайырымдылық қоры ұйымдастырады. Көрмеге келушілер ауруды жеңген кейіпкерлердің жолын түсінуге және сезінуге мүмкіндік алады. Пациенттер көбінесе диагнозы туралы білген соң, онымен күрескісі келмей,