Астана қаласындағы «Балам-ай» орталығы тәрбиешілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін біз балабақшадағы оқиға жайлы жаздық. 17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны «Балам-Ай» баланы дамыту орталығында оның кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша жүгінді. “Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды,