Елордалық ер адам дүкен сөресіне ескі етігін қалдырып, жаңасын киіп кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері дүкеннен аяқ киім ұрлау фактісіне қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады.