Астанада көпқабаттың үйдің үшінші қабатынан екі жастағы қыз құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Оқыс оқиға қаладағы Байтұрсынов көшесіндегі жеті қабатты үйде болған. Алдын ала белгілі болғандай, 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып қойған.