2023 жылдың 4 шілдесінде Астана күні қарсаңында – бас қаламыздың 25 жылдығына орай Астана қаласы əкімдігінің бастамасымен бой көтерген Журналистер аллеясының салтанатты ашылу рəсімі өтті. Аталған аллея – қолына қалам ұстаған тілшілер қауымының, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің басын қосатын, ортақ жетістіктерімізді атап өтуге, бұқаралық-мəдени шаралар өткізетін алаңға айналмақ. Аллеяда баспа саласы қызметкерлерінің құрметіне арнайы «Оқырман»