Астанада қазақ тілінде еркін сөйлегісі келетін, бірақ қателесуден немесе ойын жеткізе алмай қалудан қорқатын азаматтарға арналған сөйлесу клубы ашылды. Бастаманы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Наталья Дементьева қолға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қазақша сөйлеуге қолайлы орта қалыптастырылмақ Жаңа клубтың басты мақсаты – қазақ тілін үйреніп жүрген азаматтардың тілдік кедергіден арылып, күнделікті өмірде қазақша еркін сөйлесуіне жағдай …