Ашық НҚА порталы Астана әкімдігі қаулысының жобасын жария талқылауға шығарды. Соған сәйкес, қалалық қоғамдық көлікте жол жүру ақысын арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Құжатқа сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін арттыру ұсынылады.