Астана полициясы көшеде кетіп бара жатқан қызға шабуыл жасап, тонап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. Жедел-іздестіру шаралары барысында 12 ақпанда тұрғын үй аулаларының бірінде қызға шабуыл жасаған Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғынын анықталып отыр.