Ақмола облысының еріктілері сатып алушы болып, астаналық дәмханаларды етпен қамтамасыз ететін ит аулаушымен сөйлескен. Олар полиция қызметкерлерімен бірге ер адамды ұстады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Instagram желісіндегі Inucobo_kz парақшасына сілтеме жасап. Ер адам тендерге сәйкес 18 ауданы бар екенін және одан ит қашпайтынын айтады. Сондай-ақ, ит аулаушы қаланың жартысын етпен қамтамасыз ететінін айтып, қызметін жарнамалаған.