Мұқбасы адам терісінен жасалған көне латын қолжазбасы әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Қолжазба Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы сирек басылымдар мұражайына қойылған. Anadolu басылымының жазуынша, қолжазбаның мазмұнын толық зерттеген ешкім жоқ. Солтүстік Италияда Петрус Пуардус деген нотариусқа тиесілі болған қолжазба 1532 жылы көне латын тілінде жазылған. Жалпы кітап 330 беттен тұрады, бірақ қазір сарапшылар