16 қарашада таңертең Бауыржан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерден өрт шықты. Абыройы болғанда астаналық өртсөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден бес адамды ажалдан аман қалды. Алайда өздері зардап шекті. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер үш минутта оқиға орнына жеткен. Онда он бес қабатты тұрғын үйдің 11-қабатында 50 шаршы метр аумақтағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды.