Астана өрт кезінде қайтыс болған балалардың ата-анасына қала әкімдігі тиісті көмекті көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Әкімдік мәліметінше, шатыры жартылай опырылып, өрт болған жекеменшік екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді.