21–22 қараша күндері Астанада ауқымды «Соғым-FEST» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары еліміздің әр өңірінен келген фермерлердің ет және басқа да азық-түлік өнімдерін сатып ала алады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Жәрмеңкеге еліміздің бірнеше өңірінен фермерлер келеді «Соғым-FEST» жәрмеңкесін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырады. Іс-шара Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне …