Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада такси бағасы шарықтап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Мәселен, желі қолданушысы Қошқарбаев көшесінен Кенесары даңғылына дейін 3000 теңге төлеп жеткенін жазған. Ал Қарөткел ауылынан сол жағалауға жету тіпті 6-8 мың аралығында болып тұр.