Елордада «10 игі іс» акциясы аясында бірқатар іс-шара өтіп жатыр. Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен «Астана жастары» КММ волонтерлері жалғыз тұратын зейнеткерлердің ауласын қардан тазартуға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.