Елордада мемлекеттер мен үкіметтер басшысы қатысуымен ірі халықаралық іс-шараларды өтетіндіктен Астана полицейлері бүгіннен бастап қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 10 қазан сағат 21.00-ден бастап стационарлық бақылау бекеттері базасында елорда аумағына кіруді бақылау күшейтіледі. Бекеттерде қызмет атқаруды тәулік бойы құрамында полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері бар мобильді топтар жүзеге асырады.