Шымкент, Түркістан, Алматы қалаларында заңсыз арақ шығаратын 40 цех жабылды. Елдегі астыртын арақ өндірісі жаға ұстатарлық. Бұған дәлел де жоқ емес. Күні кеше ғана Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында мың жарым литрге жуық спирттік өнім айналымнан шығарылды. Жасырын цехтардан тәркіленген ішімдіктер арнайы полигонда жойылды. Контрафактілі қойма Петропавл қаласында да анықталды. Бұл жерден 740 литр спирт,