Тараз ӘТБ-ның Оңтүстік өңірі бойынша тергеушісі екі сот сараптамасының қорытындысына күмән келтіріп, оны маманның жауабымен жоққа шығарғысы келеді. 2022 жылдың 19 тамызында Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара заставасында әріптесінің белдігіне асылып қалған сарбаздың өз-өзіне қол жұмсауына сексуалдық зорлық-зомбылық себеп болды деген нұсқа тергеуге әуел бастан ұнамаған еді. Әскердегі әлімжеттік Марқұмның аузынан және киімінен бірнеше ер адамның