Елімізде оқушылардың міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіліп, бұйрық жобасы дайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.