Алматы облысында бір топ ата-ана «Мектепке жол» бағдарламасы аясында берілетін мектеп формасын алудан бас тартып отыр. Бұл туралы turkystan.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады. Ащыбұлақ ауылының тұрғындары мемлекет үлестіретін мектеп формасын алуға үзілді-кесілді қарсы. Себебі әкімдік берген киім сапасыз, тігісі сөгіліп, жыртылып қалады екен. Болмаса, өлшемі келмейді. Яғни, бірінші сынып оқушысына бесінші, ал бесінші сынып …