Атбасарда 4 миллион теңгенің алтынын қолды қылған 35 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы хабарлады. Оның арызы бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен («Ұрлық») сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тәртіп сақшылары қаскөйдің 26 алтын бұйым және 200 доллар ұрлағанын анықтады. Полиция барлық жергілікті ломбардтар мен