25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызы бригадасының қызметкерлері Атырау-Алматы бағытындағы жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан Теміржолы» компаниясының мәліметінше, Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқан. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады. «Сағат 21:52 минутта сәби дүниеге