Каспий жағалауындағы қамыс өртінен кейін Атырау қаласын қалың түтін басты. Әлеуметтік желіде тұрғындар күйіктің иісіне шағымданып жатыр. «Атырау, қалайсыздар? Көмірсутек деңгейі артып кетті дейді, оның үстіне қалада қамыс өртепті. Қызық жағдай. Экология министрлігі, сіздердің жағдайларыңыз қалай?» – деп жазды журналист Асхат Ниязов. Сонымен қатар қаладағы күйіктің иісіне байланысты оқушылар қашықтан оқуға жіберілді. «Бүгін оқушылар мен