Атырау облысының өрт сөндірушілері жиналған шөпті сөндіруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Бүгін Құрманғазы ауданында Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақта 250 тоннаға жуық шөптің өртенуі орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалды. Өрттің себебі анықталуда.