Атырау облысы Мақат елді мекенінен 20 шақырым жердегі темір жол өткелінде пойыз автокөлікпен соқтығысты. Бір адам қаза болды деп хабарлады turkystan.kz. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 13 шілде күні сағат 11:45-те болған. Мақат-Қарауылкелді учаскесінде Мақат стансасының басқарылатын теміржол өткелінде жүк пойызы мен Lada Granta соқтығысты. Оқиғаға «Қазақстан темір жолы» компаниясы …