Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын Атырау облысында іске асыру үшін шаруагерлер несиеге 990 бас мал береді. Өңірге жұмыс сапарымен келген премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов тауарлық несиенің тиімділігі мен оны іске асыру жүйесін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.