Жылыой ауданының тұрғыны өзіне құжат алуға көмектескен полицейлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz. 53 жастағы әйел 1987 жылы Ресей Федерациясының азаматына тұрмысқа шығып, кейін белгілі бір себептермен ажырасып, Қазақстанға қайтып оралған. Алайда елге келгеннен кейін құжаттарын жоғалтып алып, ұзақ уақыт бойына денсаулығына байланысты қайта жасатуға мүмкіндігі болмаған. Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық ерікті жастармен