Атырауда 29 жастағы бойжеткен биіктіктен құлап, мерт болды. Оның жүйке ауруларымен есепте тұрғаны анықталды. Оқиға бүгін, 23 мамырда жергілікті уақытпен сағат 11:30 шамасында болған. Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан 1994 жылы туған азаматша құлаған. Бойжеткен оқиға орнында қаза тапты, деп мәлімдеді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Қазір полиция қызметкерлерінен құралған