Атырау қаласында мектеп ішінде болған жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Д.Қонаев атындағы BINOM мектебінде жоғары сынып оқушысы қыз балаға үшкір затпен жарақат салынған. Полицияның мәліметінше, күдікті 9-сынып оқушысы. Ал қолданылған заттың пышақ па, әлде қайшы ма екені әзірге нақтыланбаған. Зардап шеккен оқушыға жедел медициналық көмек көрсетіліп, ол Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын...